1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды

  • 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл күн төл мерекеміз Конституция күніне айналды.

    Мемлекет тәуелсіздігінің құқықтық негіздерін қалаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңы (1991 жылғы 16 желтоқсан), 1993 жылы алғаш қабылданған ҚР Конституциясының құжаттары – «Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы» атты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің IX сессиясында оқыған баяндамасы; ҚР Жоғарғы Кеңесінің Алғашқы Конституцияны қабылдауға арналған тоғызыншы сессиясында Президент Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзі; Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Алғашқы Конституциясын қабылдау жөніндегі пресс-конференцияға дайындаған материалы; «ҚР Жоғарғы Кеңесінің Х сессиясында ҚР Алғашқы Конституциясының қабылданған сәті», «Президент Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Конституциялық сот мүшелерін қабылдауы» фотоматериалдары сынды құжаттардың экспозициядан алар орны ерекше.


    1993 жылғы Конституция тәуелсіз Қазақстанның дамуына сәйкес келмегендіктен, жаңа Ата Заңды қабылдау қажеттілігі туындады. Осы тұста даму жолына сәйкес заңнама қабылдаған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тәжірибесі ескерілді. Қазақстанның таңдауы Француз Республикасының Конституциясына түсіп, елдің басты құжатының іргетасына айналды (Француз сарапшылары Ролан Дюма, Ги Каркассон, Жак Атталидің Қазақ Конституциясының реформасына қатысты кеңестерінің мәтіні, Б.Ф. де Фуконың Қазақстандағы конституциялық реформа туралы хаты мен басқа да құнды материалдар).

    ҚР Конституциясын дайындауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті де тікелей қатысты. Конституция күніне арналған іс-шара барысында Елбасы тәуелсіздікпен бірге орнаған конституционализмнің даму тарихына тоқталды: «1995 жылдың көктемінде заңгер-ғалымдар тобымен бірге біз қандай Конституцияны қабылдау керектігін талқыладық. Біздің елдің  Конституцясына сай келетін жақтарын іздеу жолында, мен өзім Еуропа, Америка, Азия сынды 20 елдің конституцияларына констпек жасап шықтым. Біз басқа елдің конституциясын, сол таза түрде қабылдай алмадық.
  • Осылайша, біз 1995 жылдың желтоқсанында бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияға келдік, оны азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Ол біздің бүгінгі өмір сүріп жатқан, мемлекетімізді құрған, тәуелсіздігімізді нығайтып жатқан Негізгі Заңға айналды».
    Бүкілхалықтық референдум қорытындысы бойынша 1995 жылғы 6 қыркүйекте Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлыққа қол қойып, ҚР жаңа Конституциясының ресми таныстыру салтанатын өткізді. Тарихи оқиғаға орай Қазақстан Президентінің атына мемлекет және үкімет басшыларынан, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, қарапайым азаматтардан құттықтау хаттар келді.
    Қор көрмесінің материалдары (архив құжаттары, фотосуреттер, музей жәдігерлері, кітап жинақтары, т.б.) қолданыстағы Конституцияның, яғни Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы негізгі құжаттың құрылуы мен қабылдануындағы Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін бейнелейді.