«30 тамыз - Конституция күні» мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының бастауыш партия ұйымдары басшыларымен салтанатты кездесу рәсімі өтті

2021 жылдың 25 тамыз күні «30 тамыз - Конституция күні» мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының бастауыш партия ұйымдары басшыларымен салтанатты кездесу рәсімі өтті. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалының төрағасы Е.Бекмурзаевтың атынан «№11 қалалық емхананың» директоры Ж.Қ.Сағандықовты Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының дамуы жолында қосқан үлесі үшін «Алғыс хатымен» марапатталды.

«Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Шаңырағыңызға құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!»