Инфекцияны қалай болдырмауға болады?

Инфекцияны қалай болдырмауға болады?

    Біріншіден: қол гигиенасын қатаң сақтаңыз - қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін әрқашан қолдарыңызды 20 секунд бойы мұқият жуыңыз, содан кейін оларды бір реттік қағаз сүлгімен құрғатып сүртіңіз. Жаныңызда антисептикалық майлықтар немесе сұйық ерітінділер болғаны жөн (гелдер, спрейлер және басқа). Осылайша сіз қолыңызды жуатын мүмкіндік болмаса да, әрдайым таза ұстай аласыз.

    Екіншіден: телефонды үнемі антисептикалық заттармен өңдеңіз, әсіресе бетіңізге жанасатын бетін. Егер телефонның сырт қабы болса, оны өңдеу кезінде бөлек алып тастап зарарсыздандыру керек (немесе оны қолданбаған дұрыс).



ЖРВИ және Тұмау вирустарымен (және коронавирустық инфекциямен) күресу үшін құрамында алкоголь негізінде майлықтар мен гельдерді қолданған жөн. Танымал антисептикалық құрал хлоргексидин бактериялардан қорғауға арналған, бірақ басқа өңдейтін құрал жоқ болса соны қолдана аласыз.

Телефонды қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде және т.б. барған сайын өңдеу керек. Және әрдайым - кешке жұмыс күні аяқталғаннан кейін де.