«Өзіңді және жақындарыңды тұмаудан қорға» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

Жаз жылдам өте шықты, салқын күндер көбейді. Күздің келуімен мектеп оқушылары, балалар және ересектер арасында ауру да артты. Қазақстанда жыл сайын жедел респираторлық аурулар мен тұмаумен ауырған 600-ден 1,0 млн.-ға дейін жағдай тіркелді. Жалпы ауырғандар қатарында 14 жасқа дейінгі балалар жалпы аурушылардың 70 % құрайды. Өткен жылдардағы эпидемиялық таралу талдаулары бойынша тұмаумен және ЖРВИ-мен ауырушылар қатарының көбеюі желтоқсанның ортасында, қаңтардың аяғы және ақпанның басында байқалады.

Тұмауға қарсы иммундау 1 қазаннан басталады. Бұл үшін вакцинаның қажетті дозасы сатып алынды. Осыған орай, біздің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де 2017 жылдың 30 қыркүйегінде «Өзіңді және жақындарыңды тұмаудан қорға» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Отырыстың жүргізушісі бас дәрігердің бала мен ана өмірін қорғау жөніндегі орынбасары: Мусенов Е.Т.болды. Шараға қатысты:бас дәрігер Сағандықов Ж.К.,бас дәрігердің ЕААЖЖ орынбасары Орманов М.Ж., эпидемиолог: Оразова М.Ж., ЖТД дәрігерлері, терапевтер, СӨС дәрігері және емхананың басқа қызметкерлері.  

Егер Сіз (Сіздің балаңыз) вируспен кездессеңіз, ал сіздің қаныңызда қорғаныс антител болмаса, сіз сырқаттанасыз. Антител мына екі жағдайдың бірінде пайда болады: сіз ауырып жазылғаннан кейін, немесе егілгеннен кейін.

Деніңіз сау болсын!