Күнделікті «№11 қалалық емханада» вакцинация жүргізіледі.

Күнделікті «№11 қалалық емханада» вакцинация жүргізіледі.

ВАКЦИНАЦИЯ – коронавирус инфекциясына қарсы жалғыз қорғаныш шарасы, аурудың ауыр түрлерін, асқыну қауіпін азайтады.

Сіздерді коронавирусты инфекцияға қарсы вакцина жасауға шақырамыз. Коронавирустық инфекцияға қарсы ВАКЦИНА алу үшін «№11 қалалық емханаға» келсеңіздер болады 2 қабат, 213-кабинет.

‼️Екпені күнделікті сағат 08:00 ден 22:00-ге дейін,  ал сенбі - жексенбі және мейрам күндері сағат 08:00 ден 20:00-ге дейін ала аласыздар. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон номеріне хабарлассаңыздар болады +7771-010-86-46. Емханада вакцинаның «Спу́тник-V» түрі бар.

«Құрметті Қазақстан халқы! Вакцина - заманауи медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен алдын-алатын инфекциялардың жиілігі мен өлімі азайды! Сіздің коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина егу туралы шешіміңіз тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл планетада коронавирустық инфекцияны жоюға баға жетпес үлес қосады деп сенеміз!» 

«Гам-КОВИД-Вак», саудалық атауы «Спу́тник-V» — COVID-19 жаңа короновирустық жұқпалы ауруды алдын алуға арналған тіркелген ресейлік құрамдастырылған векторлық вакцина.

Вакцинация 4 кезеңнен тұрады:
Бланк толтыру.
Дәрігердің қарауынан өту.
Вакцина енгізу.
Вакцинациядан кейін бақылауда болу (30 мин).