«Мектепке жол» атты акциясы аясында ерекше назар аударуды қажет ететін балалары бар отбасыларға жаңа оқу жылына арналған оқу құралдарын тапсырылу жалғасуда

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКҚ-де әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарының қатысуымен, «Ақниет» ҚҚ қолдауымен, «Мектепке жол» атты акциясы аясында ерекше назар аударуды қажет ететін балалары бар отбасыларға жаңа оқу жылына арналған оқу құралдарын тапсырылу жалғасуда.
Ата-аналар мен балалардың атынан емхана директоры Ж.Қ.Сағандықовқа және «Ақниет» жеке қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Б.М.Бисембаеваға ықылас пен көңіл білдіріп және қамқорлық көрсеткені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық пен сәттілік тілейміз!