Әр апта сайын сәрсенбі және жұма күндері «№11 қалалық емхананың» өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ оқыту өткізіледі

Әр апта сайын сәрсенбі және жұма күндері «№11 қалалық емхананың» өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ оқыту өткізіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" КММ мекемесінен қазақ тілі пәнінен сабақ оқытушы Мырзаханова Маржан Төлентаевна жүргізеді.

Елордамыздағы санитарлы-эпидемиологиялық ахуалға байланысты сабақ онлайн режимге «ZOOM» платформасына ауысты.

Қазақ тілі - ұлттық мемлекеттің өзегі және ұлт бірлігінің құралы болып саналады. Тілді үйренудің қиындығына қарамастан, Қазақстанда жыл сайын қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, оқуды және жазуды үйренгісі келетіндердің саны артуда.

Сабақтар шағын топтарда 5 адамнан 10 адамға дейін өткізіледі. 

Бұл сабақтар қазақ тілін білудің барлық деңгейлеріндегі оқытылушыларға арналған, бастауыштан бастап жоғары деңгейге дейін және қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.