Коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары

Коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары

‼️Коронавирустық инфекцияның өршуі қауіпіне байланысты және инфекцияның таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздерден өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймыз:

дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу

үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету

күн сайын ылғалды жинауды жүргізу



қолды сабынмен жиі жуу

жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану

аурудың белгілері (дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел және басқалар) пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру

жөтелу әдебін сақтау (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз)

‼️Оқшауланған адам үйдегі карантин жағдайларында:

жақсы желдетілетін жеке бөлме бөлінуі;

оған басқа адамдардың келуін болдырмау;

оның халықтың көп жиналатын орындарына баруын болдырмау;

қоғамдық көлікті пайдаланбауы қажет.

Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек;

1406 телефоны арқылы күдікті жағдайлар және қол жеткізілмеген медициналық көмек туралы хабарлау.