1-наурыз Алғыс күні!

Кез - келген адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласы мен аялы алақандарының жылуын сезінеді. Олардың көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үзілген үміттер жалғанады. Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, жанына - дауа, тәніне - шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құштарлығын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етіп, халықтың алғыс-сауабын арқалайтын ақ желеңді абзал жандар.
Сол үшін, ардақты ақ халатты абзал жандар, Сіздерге асқақ абырой, биік бедел, ел игілігі үшін атқарған еңбектеріңіздің ақталуын тілей отырып, халықтың алғысын арқалаумен кәсіби тұрғыда биік шыңдарды бағындыруларыңызға, денсаулықтарыңыз мықты болып, күш-қуаттарыңыздың арта түсуіне тілек қосамын. Сіздерді 1-наурыз Алғыс айту күні құтты болсын!
Сіздерге мың алғыс!!!