«№11 қалалық емханада» жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті

2021 жылдың 23 ақпан күні «№11 қалалық емханада» жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев бүгінде 175 жасқа толып отыр.
Емхана директоры Сагандыков Ж.К. Жамбыл Жабаевтың «Дәрігерлер съезінде айтқан сәлемі» өлеңін оқыды.