Әр апта сайын, жұмасына 2 рет «№11 қалалық емхананың» өзге тілді қызметкерлеріне қазақ тілінен сабақ оқыту өткізіледі.
Курсты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Руханият" КММ мекемесінен қазақ тілі пәнінен сабақ оқытушы Мырзаханова Маржан Төлентаевна өткізеді.
Қазақ тілі - ұлттық мемлекеттің өзегі және ұлт бірлігінің құралы болып саналады. Тілді үйренудің қиындығына қарамастан, Қазақстанда жыл сайын қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, оқуды және жазуды үйренгісі келетіндердің саны артуда.
Сабақтар шағын топтарда 6 адамнан 12 адамға дейін өткізіледі.
Бұл сабақтар қазақ тілін білудің барлық деңгейлеріндегі оқытылушыларға арналған, бастауыштан бастап жоғары деңгейге дейін және қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.