Ведомствоаралық комиссияның 2019-2020 жылдарға арналған қызметі
«№11 қалалық емханадағы» ведомствоаралық комиссияның 2019-2020 жылдардағы қызметінің қорытындылары.
«№11 қалалық емханада» ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 02 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағын орындау негізінде 2019 жылғы 06 қарашада құрылды.
2019 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы желтоқсанға дейін өмірлік қиын жағдайда жүрген пациенттерді қолдау үшін ведомствоаралық комиссияның қарқынды және белсенді жұмысы басталды және өткізілді, оған мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар кірді.
Комиссия құрамында: емхана директоры, Аудан әкімдігінің өкілі - Нұр-Сұлтан қ. Алматы ауданы аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы, Нұр-Отан партиясының өкілі – «Нұр Отан» филиалының бірінші орынбасары, Білім беру өкілі – Еуразия институтының Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, қаланың жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі, №22, 28, 29, 32 ОМ қамқоршылық кеңесінің өкілдері, құқық қорғау органдары, емхананың медициналық және медициналық емес мамандары - емдеу және алдын алу жұмысы жөніндегі жетекшісі, босандыру және балалық жұмысы жөніндегі жетекшісі, супервизор, әлеуметтік қызметкерлер, "БлагоДарюАстана" жеке және қоғамдық қорлары, "Ақниет" ЖҚ, "Ана үйі" ҚҚ және басқа да ҮЕҰ бар.
Осы кезеңде ведомствоаралық комиссия мүшелерімен және әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарының командасымен халыққа қолдау көрсету бойынша нәтижелі жасампаз қызмет атқарылды.
Жаңа жыл мерекесі, Балаларды қорғау күні "Жүректен жүрекке" акциясы аясында тұрғындар үшін бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілді, карантин жағдайында тұрақты негізде азық-түлік, дәрі-дәрмек, қорғау құралдары таратылып, ведомствоаралық жұмыс бойынша серіктестермен бірлесіп әлеуметтік көмек көрсетілді және одан әрі волонтер-студенттермен арт-терапия бойынша жұмыс жүргізілді, ерекше назар аударылатын санаттағы мүмкіндігі шектеулі балалармен ағылшын тілі бойынша репетиторлық жұмыстар жүргізілді, қарт адамдармен бірқатар іс-шаралар өткізілді, денсаулығынан толық айырылған жас қыз қамқорлығына алынған отбасына көмек көрсетілді, қайырымдылық жәрмеңкелері өткізілді, бұл іс-шараларды