патронаждық мейірбикесі Бутабаева Г. Ш. жаңа туған нәрестеге алғашқы үй патронажын жасады

«№11 қалалық емхананың» Железнодорожный қонысы (40-станция) Ж.Жабаев көш. 20 мекен жайы бойынша орналасқан филиалының патронаждық мейірбикесі Бутабаева Г. Ш. жаңа туған нәрестеге алғашқы үй патронажын жасады.
Емшек сүтімен емізудің пайдасы, баланы омырауға дұрыс жайғастыру, туылғаннан 2 айға дейінгі балалардағы қауіпті белгілер туралы кеңес-әңгіме жүргізді. Үй жағдайы және балалардың қауіпсіздігі туралы да кеңес жүргізілді.