Қант диабетімен ауыратын пациенттерге арналған жаднама

Қант диабетімен ауыратын пациенттерге арналған жаднама.

Дұрыс тамақтану принциптері.

1. Жиі тамақтанамыз! Күніне 4-6 рет жиі тамақтану керек. Бұл қандағы глюкозаның біркелкі деңгейін сақтауға көмектеседі.

2. Жайлап арықтаймыз!

3. Шектеусіз тұтынуға болатын тағамдар:

Қияр, қызанақ;

Қырыққабаттың кез келген түрі; кабачки, баклажан; бұрыш;

Салаттың кез келген түрі, жасыл шөптер;

Пияз, сарымсақ; сәбіз;



Шалғам, шалқан, редька;  үрме бұршақ;

Саңырауқұлақтар;

Шәй, қантсыз кофе, минералды су.

☑️Тұтынуға шектелген тағамдар:

Майлылығы 1.5 %-дан төмен сүт өнімдері;

Майсыз ет, терісі жоқ құс еті; балық;

майлылығы 30%-дан аспайтын ірімшік;

Макарон өнімдері, нан; картоп, жүгері, бұршақ дақылдары;

Жемістер;

Күніне 1 шәй қасық өсімдік майы.

Тамақтану рационынан алынатын тағамдар:

Бал, қант, тосап, джемдер, тәтті сусындар; кәмпиттер, шоколад, балмұздақ;

Пирожныйлар, торттар, печенье, ақ бөлке нандар;

Сары май, еттің майы; майонез, қаймақ, кілегей;

Майлылығы 30%-дан асатын ірімшік; майлылығы 1.5%-дан жоғары сұйық сүт өнімдері;

Майлы ет, шұжық, ішек өнімдері, сосискалар, сарделькалар;

Жаңғақтар, шекілдеуіктер;

Алкогольді сусындар.

4. Тағамдық талшықтарды естен шығармаңыздар!

5. Ақуызды шектемеңіздер!

Жануарлар ақуызының негізгі көзі - балық, құс еті, қайнатылған немесе бұқтырылған ет, сондай-ақ төмен калориялы сүт өнімдері.

ҚИМЫЛДАУДЫ ҰМЫТПАҢЫЗ!

Жаттығу дене салмағын оңтайлы ұстауға көмектеседі. Қарсы көрсеткіштер болмаған кезде, жалпы ұзақтығы аптасына 2,5 сағаттан кем емес орташа қарқындылықпен жаттығулар жасау ұсынылады. Қант деңгейі 13-15 ммоль / л-ден жоғары болса, физикалық қимыл-қозғалыстар жасауға болмайды.