Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар! Бүгін, яғни 10 қаңтар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау басталды. Елордада барлығы 283 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ел тарихындағы маңызды оқиғаға барлықтарымыз атсалысып қатысайық ағайын.

«Азаматтық парызымды орындайық!»

Ауа-райыда Қазақстан қалаларына күн жайма шуақ жылы шырайымен қарасып тұр.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері 10 қаңтар күні 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасай алады, яғни сайлау күні олар 18 жасқа толуы тиіс.

Қала тұрғындары дауыс беру үшін өз учаскесін онлайн-режимде ЖСН, тегін, атын, әкесінің атын және туған күнін не сайлаушы тіркелген нысанның (көше, үй) мекенжайын көрсете отырып, анықтай алады:



1) әкімдіктің веб-порталы; astana.gov.kz. (баннердің басты бетінде «astana.gov.kz/ru/polling/poisk-izbiratelnogo-uchastka» өз сайлау учаскеңізді табыңыз»);

2) Smart Astana мобильді қосымшасы («Қалалық қызметтер» бөлімінде);

3) @smartastana_bot телеграм-боты («қызметтер бөлімінде).

Сондай-ақ, интернетке шығу мүмкіндігі жоқ жұрт үшін 109 iKomek бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы телефон нөміріне қоңырау шалып, азаматтар өз учаскесін таба алады.

  • App_Image_2021-01-10_at_16.42.08_1_
  • App_Image_2021-01-10_at_16.42.09_1_
  • atsApp_Image_2021-01-10_at_16.42.08
  • atsApp_Image_2021-01-10_at_16.42.09
  • atsApp_Image_2021-01-10_at_16.42.10