Жаңа жылдық демалыста тамақтан уланудың алдын алу.

Жаңа жылдық демалыста тамақтан уланудың алдын алу.

Жұрт жаңа жыл мерекесін асыға күтеді. Корпоративтік, отбасылық отырыстар жиілейді. Тиісінше, мерекелік үстелдің мол, көз тартарлық болуын басты назарға аламыз. Алайда, егер абай болмаса, отырыс уланумен аяқталуы да ғажап емес. Адамдардың көбі бұған мән бермейді. Жалпы, тағамнан улану микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру саналады. Әдетте, мереке күндері сауда нысандарында, аспаздық цехтарда көп мөлшерде кондитер өнімдерін дайындайды.

Салаттар, ет және балық етінен жасалған тіскебасарлар, құс етінен жасалған тағамдар және қысқа сақтау және сату мерзімі бар басқа да өнімдердің сұранысқа ие екені белгілі. Алдымен, өнімдерді сатып алған кезде міндетті түрде өндіріс күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Азық-түлік өнімдерін, әсіресе үйде дайындалған консервілерді, белгіленбеген сауда орындарында сатып алмаңыз. Мұның арты ботулизм ауруына әкеп соғуы ықтимал.
– Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – ботулотоксинмен улану. Олар көбінесе ет, балық және саңырауқұлақ консервілерінде жинақталады. Ботулотоксинмен улану жүйке жүйесінің зақымдануына дейін барады. Ботулотоксин ас қорыту жолдарында бұзылмай қанға сіңіп, бүкіл организмге тарайды.

Үйде дайындалған консервілерді, атап айтқанда, көкөніс салаттары, саңырауқұлақтарды пайдаланып, уланып қалғандар қатары жиілейді. Тіпті, соңғы жылдары бірді-екілі қайғылы жағдай тіркелген.
– Тамақтану мәдениетінен бұрын, ас дайындаудың, асхананың қарапайым гигиена ережелерін сақтау маңызды. Әуелі, тағамдарды дұрыс өңдеңіз, шикі және дайын тағамдарды бірге сақтауға жол бермеу керек. Жаңа жылдық мерекелер кезінде ішілген тағамдарды келесі демалыс күндеріне қалдырмаған дұрыс. Егер жаңажылдық отырыстан кейін көп тамақ артылып қалса, онда оны үстелден тоңазытқышқа дер кезінде салу қажет.
– Жаңа жылдық дастарханның тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бұл ретте аспаздың жеке гигиенасы басты рөл атқарады. Қарапайым ғана дерек, асты арнайы қолғаппен дайындау азық-түлік қауіпсіздігінің 30 пайызын құрайды. Бұдан әрі персоналдың ас үйде жеке және өндірістік гигиена ережелерін сақтауына мән беру қажет.