алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің әлеуметтік-психологиялық қызметкерлері және патронаждық мейірбикелерімен отырысы өтті

2020 жылдың 28 желтоқсан күні «№11 қалалық емхананың» алдын-алу және әлеуметтік-психологиялық қызмет бөлімінің әлеуметтік-психологиялық қызметкерлері және патронаждық мейірбикелерімен емхана басшылары директор Сагандыков Ж.К. және емдеу алдын-алу жұмыстарының жетекшісі С.Б.Аманбаковамен бірге кезекті есеп беру отырысы өтті.
Кездесуде, директор қызметкерлер тобының жыл бойындағы жұмысын қорытындылап, жақсы үйлестірілген жемісті жұмыстары үшін алғыс айтты. Сонымен қатар халыққа арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі мамандарының, ведомствоаралық комиссияның жұмысы туралы, ӘПМ (Әмбебап прогрессивті модель) және БАКБ-дың (Балалар ауруларын кешенді басқару) патронаждық мейірбикелердің 2020 жылғы кезеңдегі жұмысы туралы және ағымдағы қызметін қарастырды.