Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа жарлықтарға қол қойды

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа жарлықтарға қол қойды.

Елімізде денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел жәрдем көліктерінде, карантинге жасақталған жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерлерде, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің науқастың үйіне барып медициналық көмек көрсету кезінде, инфекцилық ошақта эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде, пациенттер мен науқастармен байланыста болған адамдардан сұрақ қою және сауалнама жүргізгенде аудио, фото және видео түсірілімге тыйым салынады.