директоры Сагандыков Ж.К. емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді

2020 жылдың 25 желтоқсан күні «№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Ж.К. емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді. Отырыста келесі бір қатар мәселелер қаралды.
Жаңадан келген мамандарды әріптестермен таныстырды. Жаңадан қосылған мамандаға бірлесіп жемісті еңбек атқаруларына тілектес екенін білдірді.
Директор қызметкерлер тарапынан сапалы медициналық қызмет көрсетулеріне ерекше назар аударуы туралы айтты. Скринингтік бағдарламаларды, реабилитациялық емдеуді және оңалтуды, күндізгі стационарды, клиникалық диагностикалық қызметтерді 100% сапалы іске асыруды жоспарлады. Жас мамандарды бөлім меңгерушілер мен бас мейірбикелерге жол сілтеп оқытуды жоспарға алды. Сонымен қатар басқада өзекті мәселелерді жүзеге асыру туралы айтылды.