Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхана» әкімшілігі және емхана директоры Ж.К.Сагандыков қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында және өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында жағдай жасайды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхана» әкімшілігі және емхана директоры Ж.К.Сагандыков қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында және өз қызмет салаларында білімдерін жетілдіру мақсатында жағдай жасайды. Қызметкерлер кезең-кезеңімен біліктілігін арттырып отырады. «Ұлттық медициналық білім беру орталығы» және «Қазақстанның кәсіби әлеуметтік қызметкерлерінің ұлттық альянсының» қолдауымен 30 қараша және 5 желтоқсан аралығында емхананың әлеуметтік-психологиялық қызметкерлері  «Жүкті әйелдер мен жас балаларға арналған патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі» және «Істерді басқарудың 9 кезеңі. Отбасын дамытудың жеке жоспарын құру» тақырыптарында 80-сағаттық оқуды оқып шығып біліктілігін арттырғанын растайтын сертификаттар ұсынылды.