Балалар жарақаттануын алдын-алу.

  • Балалар жарақаттануын алдын-алу.

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сенсек,  кездейсоқ болған жарақаттар 5-19 жас аралығындағы балалар арасында өлімнің негізгі себепкері болып отыр. Байқаусызда жарақаттанудан болатын өлімнің басты себептері жол-көлік оқиғалары, суға бату, улану, күю, құлап қалу және тұншығу екенін атап кетейік. Балалық шақта алған жарақаттар дене дамуындағы тұрақты ауытқуларды немесе психологиялық зақымдануды (мысалы, бас сүйек-ми жарақаттары) тудыра отырып, денсаулықтың дамуына өмір бойы әсер етуі мүмкін.

    Жарақаттану түріне қарай тұрмыстық, спорттық, көліктік жарақаттану деп бөлінеді.


    Тұрмыстық жарақаттану жағдайлары мектеп жасына дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. Қауіпті жағдайларды болдырмас үшін, сыртқы және ішкі өрттен сақтануға арналған баспалдақтар бала бойынан биік ағаш шарбақтармен қоршалуы тиіс. Ал, балабақшадағы баспалдақ қанаттары үлкендердің бойынан төмен дайындалғаны дұрыс.

    Топ бөлмелерінің есіктері әйнек болмауы керек, өйткені балалар қозғалыс кезінде әйнекті оңай сындырып, жарақат алуы мүмкін. Немесе, олар сынбайтын қалың әйнектен жасалауы керек. Жылыту батареяларын ағаш тіректермен қоршаған дұрыс. Кей жағадайларда балалар шкафтың, ілінетін сөрелердің, вазаның, шыны ыдыстың т.б. нәрселердің құлауы салдарынан жарақат алуы мүмкін. Жиһаздар құламайтындай мықты бекітілуі және оның үстінде тұрған заттар дұрыс орналастырулары тиіс. Аквариум, құстары бар торлар, ілулі кашподағы гүлдер, оларды баптап күтуге лайықты болу үшін, бала бойының деңгейінде орналасуы тиіс.

    Тамақтану кезінде балаларды үстел басына дұрыс отырғызбау, олардың ыстық тамақтан күйіп қалуына әкеледі. Сондай-ақ тәрбиеші мен ата-аналар баланы пышақ пне шанышқаны дұрыс қолдана білуге үйретуі тиіс. Кезекші балаларға ыстық тамақ тасуға қатаң тиым салынады. Топқа ыстық тамақ әкелетін тәрбиешінің көмекшісі өте сақ болуы тиіс. Бала үнемі тәрбиешінің қатаң қарауында болуы керек. Ауылдық жерлерде топқа ыстық су әкелінетін жағдайларда қауіпсіздік қатаң сақталуы тиіс [30, 31].

    Осылармен қатар дәрі-дәрмектермен улану жағдайлары да кездеседі, баланы әдемі қораптар қызықтырады, дәріні кәмпит екен жеп қоюы мүмкін.
  • Балалар арам шөптермен уланып қалмас үшін, ойын алаңдарында улы жемістер өсетін бұталарды, арам шөпті жұлып отыру керек.
    Еңбек сабақтарында балалар кесетін, өткір, сүйір заттарды қолданбаулары тиіс. Балалардың ұсақ заттарды (ілгек, шеге және т.б.) ауыздарына салмауын қадағалау керек. Еңбек сабағына қажетті ине, қайшыны арнайы металл қорапшада ұстау керек. Ойын алаңдарында үлкен адамдарға арналған құралдарды балаларға пайдалануға болмайды. Жапырақ өртеу сияқты қауіпті жұмыстарға балаларды араластыруға болмайды, өйткені бұл балалар денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
    Электр тогының соғуы салдарынан алынған жарақаттар тұрмыстық жарақаттануға жатады. Себепсіз электр заттарын пайдалануға болмайды. Тоққа қосу розеткалары балалардың бойынан биікте орналастырылуы тиіс.
    Балабақшада жыртқыш құстарды, жануарларды ұстауға, тікенекті гүлдер мен өсімдіктерді өсіруге тиым салынады.
    Спорттық жарақаттану көбінесе балабақшадағы ересек топтарда кездеседі. Бұндай жарақаттарға спорттық құралдардың тиісті деңгейде бекітілмеуі, сырғанақ еден, қауіпсіздік ережелерін сақтамау, шанамен сырғанау кезінде жолда бөгде заттардың болуы, бассейнде шомылу кезінде оның тереңдігін білмеу, күн астында ұзақ болу кезінде күн тиюден қорғайтын бас киімнің болмауы және т.б. жағдайлар себеп болады. Қолданылатын спорт құралдарының сапасы, тазалығы, санитариялық жағдайы да назардан тыс қалмауы керек.
    Жазатайым оқиға міндетті түрде травматологиялық орынға немесе «жедел жәрдемге» жүгінумен аяқталады. Тек жеңіл соғып алу кезінде ғана дәрігердің көмегіңсіз амалдауға болады: ауырған жерге суық салыңыз, ол ісік пен ауырғанды азайтады, және көгерген жерді сорып алу үшін жақпа май немесе гель жағыңыз. Ауырған жерді жылытуға болмайды, әсері тікелей қарама-қарсы болады.
    Қорытынды. Сонымен, тұрмыстық жарақаттанудан сақтандыруға бағытталған профилактикалық шаралар – тіршіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса маңызды құрамдық бөлігі. Бұл шаралар еңбек ету жасындағы тұрғындардың тіршілігін мен дамуын қамтамасыз ету негізі болып табылады.
    1 дн.
  • Фото профиля emhana_11
    Ауыл тұрғындарының арасында өмір сүру деңгейінің төмендеуі, олардың денсаулығының нашарлауы, әлеуметтік-гигиеналық мәселелерінің артуы олардың әлеуметтік-медициналық тұрғыда өзгеріске ұшырауын туындатады. Бұл өзгерістер қала тұрғындары арасында қалыптасқан жағдайдан анағұрлым күрделі, сондықтан ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау қала тұрғындарының денсаулығын қорғауға қарағанда айтарлықтай өзекті деп айтуға болады.