ПІКІРЛЕР

Комментарии   

#4 Улпанға жауап 05.02.2019 05:36
Цитирую Улпан:
Сиз магам осындай ақпарат бересіз. бірақ мен учаскелік дәрігердің (11ші уч.) қабылдауында болып гинекологқа жазылайын дегенде - олар кунде тек 2ге дейін ғана қабылдайды деді. Әлде сіз әлде 11ші участіктің дәрігері қате ақпарат беріп отырсыздар!!!
Мына көрсетілген телефон номер алмайды!

Құрметті Улпан! Бүгін сізге аға тіркеуші дәрігер гинекологқа жазылуға ұсынған, бірақ одан бас тарттыңыз. Және де сізге Даму мед жүктемесі арқылы өзіңізге ыңғайлы уақытқа жазылуыңызды ұсынды.
Жауап
#3 Улпанға жауап 05.02.2019 03:45
Цитирую Улпан:
1. Мына жерде көрсетілген ақылы қызметтер тізі туктіде көрінбейді.
2. Гинеколог қабылдауын 17,00 ден кеін коюға не болмаса сол жағын қарастыра аласыздарма? өйткені куни бойы жумыстамын, бірақ гинеколог қабылдауы консультациясы қажет. жумыстан үлгере алмайм. өтініш күнделікті болмасада, кей күндері 17,00 ден кеін қабылдау жағын қарастырсаңыздар!?

Құрметті Улпан!
1. Ақылы қызметтердің екінші нұсқасын көруіңізге болады, ол .pdf форматында көрсетілген.
2. Емханада дәрігер гинеколог сағат 08:00 - 20:00 дейін қабылдайды, бірақ касса 08:00 ден 17:00 дейін жұмыс жасағандықтан дәрігер гинеколог сізді ақылы қызметтің чегісіз қабылдай алмайды. Егер сізді қосымша сұрақтарыңыз болса, толық ақпарат алуға және де сіздің мәселеңізді шешуге мына телефонға 571-107 хабарласуыңызды сұраймыз.
Жауап
#2 Бахытқа жауап 23.08.2017 14:30
Цитирую Бахыт:
Гүлмира Ишмагамбетова! Осы жылдары сiздей медбикемен жақсы қарым -қатынаста болғанымызға қуаныштымын . Қайда болсаңыз да жолыңыз болып, мамандығыңызда тек қана асқақтай берiңiз !Сiздiң жұмысыңызға ризамыз, участоктағы балалар, ата-аналар сiзге бауыр басып қалды. Тек ақ жол сiзге!Сiздiң арқаңызда бiз ешқандай қиыншылық көрген жоқпыз. Қоңырау соққанда, сiз кiшкентай сәбилерге жүгiрiп келесiз. Гүлмира!Алғысымызды айтамыз. Сiз - ерекше жансыз!Өсiнiз, өнiңiз!//// Жунусова Б.А. Жунусова Дилияның анасы

Құрметті Бақыт! Емхана әкімшілігі Сізге біздің қызметкерді жоғары бағалағаныңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Қызметкеріміздің ауыр да абыройлы міндетті атқару барысындағы қызметіне қолдау білдіргеніңіз біз үшін әрине сүйсінерлік іс. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей, бір-бірімізге қолдау білдіріп, түсінісу арадағы сыйластықтың артуына көмектесіп қана қоймайды, жұмыстың нәтижесіне де оң әсер етеді. Соған Сіз де үлес қостыңыз. Қоғамда Сіз секілді адамдар барда, тұрғындар денсаулыққа ортақ жауапкершілікті сезінеді әрі құптайды!Біздің ынтымақтастығымыз жыл өткен сайын нығая беретініне сеніміміз мол!
Жауап
#1 Нурбануға жауап 23.08.2017 14:29
Цитирую Нурбану:
мейирбеке Гульмирага улкен алгысымыз шексиз, енбеги жана берсин

Құрметті Нұрбану! Емхана әкімшілігі Сізге Астана қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхана» МКК қызметкерінің атына білдірген жылы лебізіңіз үшін алғыс айтады. Сізге және отбасыңызға зор денсаулық тілейміз.
Жауап

Сұрақ қою

Сиқырлы саны
Қайтадан қарау