Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Жүректен жүрекке" атты мерекелік іс-шара өтті

2017 жылғы 21 шілдеде ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК аумағында мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына арналған акция ұйымдастырылып, оған мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар қатысты.  

Акцияның мақсаты:

балаларда мүмкіндігі шектеулі адамдармен толерантты қарым-қатынас орнатуды қалыптастыру және өскелең ұрпақ назарын мүгедек балалардың мәселеріне аудару.

Емхана мен тұрғындар арасында және басқа әлеуметтік мекемелер арасында сенімді қарым-қатынасты, ортақ жауапкершілікті дамытуға ықпал ету.

Міндеттері:

Мереке барысында Астана қаласындағы №1 музыка мектебінің тәрбиеленушілері концерттік бағдарлама ұсынды. Онда домбыра, қобыз және басқа музыкалық аспаптармен қазақ және шетел музыкасының шығармалары орындалды. Сондай-ақ, іс-шара барысында аниматорлар балалармен және олардың ата-аналарымен танымдық ойындар өткізді.

 Осы іс-шараға барлығы 40 бала қатысты.

Балалардың ата-аналары Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша қосымша ақпараттар алды.

Мереке соңында сыйлықтар таратылды.

Барлық суреттерді фотогалереядан қарау...