Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-нің МӘМС бойынша өткізілген ақпараттық-түсіндіру жұмысының есебі «Встреча» СҮ жанында 29.06.2017ж.

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК 29 маусымда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін мына мекенжайдағы: Абылайхан даңғылы, 31 «Встреча» сауда үйінің жанында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді анықта!» ұранымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жоспарында тұрғындар арасында акция ұйымдастырды.

Құрамында 5 қызметкері бар түсіндіру бойынша спикерлер, сондай-ақ қосымша бас дәрігердің орынбасарлары МӘМС жөнінде түсіндіру мәселелері бойынша тұрғындарға консультативтік кеңестер берді. Акция барысында МӘМС туралы ақпараттық материалдар таратылды. Консультативтік кеңес алумен қамтылған тұрғындар саны 180 адамды құрады. 400 дана ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен бірге «Құлагер» жабық базары орналасқан аумақта ақпараттық-түсіндіру өткізу мақсатында кәсіпкерлермен және «Встреча» СҮ-нің 2-қабатында сауда үйіне келушілермен  насихат жұмыстары жүргізілді.