Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де қайырымдылық акциясы

9 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де қайырымдылық акциясы аясында «Нұр Отан» партиясының атынан «Өркениет» филиалының орынбасары М.М.Утебаеваның қолдауымен карантин жағдайында, амбулаториялық-емханалық іс-шараларда санитарлық нормаларды сақтау үшін гуманитарлық көмек ретінде дезинфекциялық құралдар бөлінді.

Емханадағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау бойынша бірлескен жұмыстарға көрсеткен қолдауы үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.