Ата-аналардың назарына!

Ата-аналардың назарына! «№11 қалалық емханада» аптасына бір рет сәрсенбі күні «Дені сау бала күні» өткізіледі. Балаларға медициналық көмекке қол жетімділікті арттыру мақсатында, балалар ауруының алдын-алу мақсатында дәрігеріңіздің жұмыс кестесіне «Дені сау бала күні» енгізілген.

Сонымен қатар емхананың профилактикалық бөлімі жұмыс істейді. Мұнда вакциналардың енгізу кабинеті, дәрігерге дейінгі кабинет және баланың дұрыс дамуын бақылау кабинеті өз қызметін көрсетеді.