4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған іс-шара өтіп, онда емхана директоры барлық әріптестерді және тіркелген тұрғындарды мерекемен құттықтады. Еліміздің әнұраны емхананың әр қабатында дабылдатқыш арқылы ойнатылды. 
«Мемлекеттік рәміздер кез-келген елдің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады. Олар оның тарихын әспеттеумен бірге, қазіргі құндылықтарды бейнелейді, болашаққа жоспарларын көрсетеді. Ендеше, көк туымыз планетамыздың түкпір-түкпірінде алтын күндей жарқырай желбіреп, әнұранымызды төрткүл дүние танып-білсін. Біздің еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеп, оларды мақтан тұтайық! » - деді емхана директоры Ж.К.Сагандыков.
Мемлекеттік рәміздер күнінің басты идеясы - қазақстандық патриотизм мен ұлттар бірлігін нығайту, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау.
Ту, Елтаңба, Әнұран – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Бұл мұраны әрқайсымыз сақтауымыз керек.

Емхана әкімшілігі баршаңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтайды! Туымыз әрі қарай әлемдік аренада көрінсін, елтаңбамыз біздің бірлігімізді етіп, әнұранымыз барша қазақстандықтардың жүрегінде  шырқалсын!

  • atsApp_Image_2020-06-03_at_09.35.22
  • atsApp_Image_2020-06-04_at_10.46.33
  • atsApp_Image_2020-06-04_at_10.46.34
  • atsApp_Image_2020-06-04_at_10.47.26