ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК аумағында, "Гүлжан" сауда орталығының алдында 10 маусым күні міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу жоспарына сәйкес "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!" ұранымен тұрғындар арасында акция ұйымдастырылды.
Түсіндіру жұмыстарын құрамында емхананың 5 қызметкері бар мамандар тобы жүргізді, сондай-ақ бас дәрігердің орынбасарлары МӘМС жөнінде тұрғындар тарапынан туындаған әртүрлі сұрақтар бойынша кеңестер берді. Мамандар МӘМС жөніндегі ақпараттық материалдарды таратты. Сол күні консультациялық кеңес алған тұрғындар саны 150-ге жуықтады. Оларға 350 дана парақшалар таратылды.