НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗ МӘРТЕБЕҢДІ АНЫҚТА!"

Еліміздің әрбір тұрғыны маусымның 30-ына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтауы тиіс. Қазірден бастап өзіңіздің азаматтардың қай санатына жататыныңызды анықтап алыңыз.

Жарнаны сіз үшін кім төлейді: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, өзіңіз бе?

Мәртебеңізді анықтау сол үшін қажет.

Егер адам сақтандырылмаса, шұғыл медициналық көмектен басқа, оған басқа жоспарлы көмек көрсетілмейді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда еліміздің тұрғындарына медициналық сақтандырудың жаңа жүйесі қалай жұмыс істейтіні туралы түсіндірілуде.

5 сәуір мен 30 маусым аралығында Қазақстанда "МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!" атты тұрғындардың емханаларға тіркелу науқаны басталды.

Әр азамат кез келген емхананың колл-орталығына қайта тіркелу үшін ғана емес, телефон арқылы хабарласа алады.

Өзінің нақты тіркелгенін ғана анықтап алу қажет.

Өз мәртебесін: жалдамалы жұмысшы, жеке кәсіпкер, зейнеткер, студент, т.б. екенін қазір анықтау маңызды.

Әр адам өзінің қай санатқа жататынын түсінуі керек.

Сол жағдайда ғана оның сақтандыруын мемлекет төлейтін болады.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жеке кәсіпкерлер төлемші бола алады. Оларға  азаматтық-құқықтық сипаттағы еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін тұлғалар жатады:

Олар екі ең төменгі жалақыдан 5% көлемінде жарна төлейтін болады.Келесі жылы бұл айына 2828 теңгені құрайды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтитын белсенді емес тұрғындар мәселесі алаңдатады. Бұл, ашық бизнесте жұмыс істемейтіндер, немесе өз бетінше үй шаруашылығымен айналысатындар, немесе әйтеуір бір жерде жұмыс істейтіндер және тіркелмейтіндер.

Оларға сондай-ақ, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен шаруашылық қожалықтарының мүшелері, үй шаруашылығындағы әйелдер жатады. Белсенді емес адамдар медициналық сақтандыру өз бетінше - бір ең төменгі жалақыдан 5% төлейді, 2018 жылы бұл шамамен  1414 теңге болады.

Полисті еліміздің әрбір азаматы алуы тиіс.

Жеңілдікке ие адамдардың 14 санаты үшін сақтандыруды мемлекет төлейді:

Бұл тізімге 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасаушы, бір жылға дейін жұмыс істемеген оралмандар, бас бостандығынан айыру орындарында және тергеу оқшаулағыштарында жазасын өтеп жатқан қазақстандықтарды енгізуге болады, олар үшін - мемлекет төлейді.

Назарларыңызға рахмет! 

ШЖҚ МКК «№11 Қалалық емхана» әкімшілігі  Астана қаласы