Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз қарсаңында мерекелік құттықтау шарасы ұйымдастырылды

Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз қарсаңында мерекелік құттықтау шарасы ұйымдастырылды. Емхананың бас дәрігері Сагандықов ЖаңалықКарипуллаұлыұжымның әйелдер қауымын атаулы мереке - 8 наурызбен шын жүректен құттықтап, өз еңбегімен ерекшеленгендерге мадақтамалар мен алғыс хаттар тапсырды.

«Қымбатты әйелдер — әлемдегі ең сүйікті, жақын, жанашыр әрі нәзік жаратылыс иелері! Сіздерді көктемнің керемет мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, жандарыңызға әсемдік, жүректеріңізге жылулық тілеймін! Дені сау, әдемі де сүйкімді, қайырымды жақындарыңыз бен туыстарыңыз әрдайым Сіздермен бірге болып, нұр жүздеріңіздің әрі таймасын! Қуаныштарыңыз еселеніп, бақыт пен шаттыққа бөлене беріңіздер, біздің сүйікті де қымбатты әйел-аналар!» - деді бас дәрігер Ж.Сагандықов.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында емхана әкімшілігі әлеуметтік қызметкермен бірлесе отырып, осы аумаққа  тіркелген еңбек және тыл ардагерлерінің, зейнеткерлердің, мүгедек балалалардың үйінде болып, оларды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. 

Барлық суреттерді қарау...