Балалар мен әйелдердің «Зорлықсыз үй» атты әлеуметтік көшпелі бюросы

Балалар мен әйелдердің «Зорлықсыз үй» атты әлеуметтік көшпелі бюросы 10 наурызда сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін «Керуен» сауда-ойынсауық орталығында болды (ұйымдастырушылар елорда Әкімдігі). Сол күні тұрғындарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, заңды көмек көрсетілді. Кеңесті «Есіл» ауданы әкімдігі Әділет департаментінің, Астана қаласы МПС ДД Наркология және психотерапия орталығының мамандары мен ІІД ОЮП және басқа құрылымдардың қызметкерлері жүргізді. Шара барысында № 11 ҚЕ әлеуметтік қызметкері Р.З.Аманжолова біздің құқықтық қорғауға зәру науқастарымыздың мәселелері бойынша, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына (жалғызілікті аналар, нашақорлар, ішімдіктен зардап шегушілер, көп балалы аналарға) қатысты мәселелер бойынша кеңес алды. ІІД Басқармасының әйелдер мен балалар құқығын қорғау жөніндегі инспекторы Мақаева Әлия Жолғаушбайқызы (өзінің жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ науқастарға, соның ішінде балаларға да қатысты) кеңес берді. «Қорғау» ЖҚ Төрағасы - психолог Рыль Анна Григорьевна (тұрмыстық зорлық, құлдық бойынша), оның байланыс телефондарын науқастар үшін жазып алды. Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы «Наркология және психотерапия» бойынша кеңес берді.